29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

БЕРІКТІККЕ ТЕКСЕРІС АЯҚТАЛДЫ: MINING AND METALS CENTRAL ASIA 2021 БОЛАШАҚТЫҢ ТРЕНДТЕРІ ЖӘНЕ ТМК ОДАН ӘРІ ДАМУ ВЕКТОРЛАРЫ

Ұзақ үзілістен кейін біз тау-кен металлургия кешенінің барлық мамандарын Алматы қаласындағы ірі салалық көрмелерге шақыруға қуаныштымыз.

29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында 26-шы Орталық-Азиялық халықаралық «Тау-кен жабдықтары, кен мен минералдарды өндіру және байыту» - Mining and Metals Central Asia 2021 көрмесі және 17-ші Қазақстандық халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық Техника» -  Kazcomak 2021 көрмесі өтеді.

Тау-кен кәсіпорындары үшін өткен 2020 жылдың басты қорытындысы олардың күйзелісті оқиғаларға тұрақтылығы, сондай-ақ дағдарыстар кезеңінде күрделі мәселелерді өзгерудің жаңа дәуірінде  оларды алдағы міндеттерге айналдыру қабілеті болды. Трансформация дәуірінде өнімділік пен тиімділікті арттыру мақсатында технологиялық міндеттер басымдыққа ие болады. Оларды қалай шешуге болады, осындай міндеттерді шешуде қандай кешенді тәсілдерді қолдану керек және әрі қарай қандай бағытта қозғалу керек – салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, ТМК секторының ірі компанияларының өкілдері талқылайды.

Көрмеге қатысушылар өздерінің инновациялық әзірлемелерін ұсынуға, сондай-ақ ТМК саласындағы жабдықтарды, қызметтер мен әзірлемелерді өндірудегі өздерінің жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік алады. Көп жылдан бері көрме өндірушілер мен жеткізушілердің тау-кен өндіруші кәсіпорындардың, тау-кен байыту комбинаттарының, көтерме сауда компанияларының және саланың басқа да өкілдерінің мамандарымен іскерлік байланыстарын кеңейтуге ықпал етіп келеді. Бүгінгі таңда отандық және халықаралық ТМК-нарығының 100-ден астам компаниясы өз қатысуын растады.

Биылғы жылғы Mining and Metals Central Asia отандық және шетелдік мамандардың тәжірибе алмасуы өтетін бірегей диалог алаңына айналары сөзсіз, нарықтың ірі ойыншылары коронавирус салдарын еңсеру бойынша тәжірибелік кейстермен және дамудың жаңа белесіне одан әрі шығу жоспарларымен бөліседі. Экспозицияда Германия, Норвегия, Францияның ұлттық топтары және Ресей Федерациясының ұжымдық стендтері ұсынылады: Липецк, Курск, Челябинск , Пенза, Тула және Орынбор облыстары.

Таңдалған тақырыптар мен талқыланатын мәселелердің өзектілігі тау-кен металлургия қауымдастығының сарапшыларының, бизнесмендердің, салалық мамандар мен ғалымдардың назарын аудартатыны сөзсіз.

Көрме жұмысын ең өзекті тақырыптарға арналған тақырыптық іс-шараларды қамтитын ауқымды іскерлік бағдарлама толықтырады. Жыл сайын көрме аясында дөңгелек үстелдер, презентациялар мен семинарлар өткізіледі, олардың барысында түрлі техникалық мәселелер, сондай-ақ болашақта ТКМ дамыту үшін ынтымақтастық перспективалары мен инвестициялық жобалар талқыланады.

Іс-шараны ұйымдастырушы  Қазақстандық Iteca көрме компаниясы болып табылады. Көрмелерге жыл сайын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы, Алматы қаласының әкімдігі және қатысушы елдердің дипломатиялық миссиялары ресми қолдау көрсетеді. Тіркеу серіктесі - Sever Minerals компаниясы.

Көрмелер дәстүрлі түрде Қазақстанның оңтүстік астанасындағы ең ірі экспо-алаңында –«Атакент»  көрме орталығында өтеді.

Қатысуға өтінімді қазірден беруге болады. Толық ақпарат оқиға сайтында қол жетімді: https://www.mining-metals.kz

  • 1244 қаралды